Жаңалықтар

Архивтік жарияланым

Қазақстан букмекерлерінің ӨРҰ-сы ардагерлерді құттықтады

· Күндер, лауазымдар мен атаулар жарияланған кездегі күйінде берілген.

Букмекерлер қауымдастығының қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысындағы Ұлы Отан соғысының 57 ардагерін, соғыс мүгедегі мен тыл еңбеккерін құттықтады.

Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан букмекерлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы «Жеңіс күнімен!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Мерекелік іс-шара аясында қауымдастық қызметкерлері ардагерлерге сыйлықтар жеткізіп, Алматы әкімдігі ұйымдастырған кездесуге баруына көмектесті.

Кездесу 5 мамырда «Атакент» галереясында өтті. Онда құттықтау мен алғыс сөздер айтылып, сыйлықтар табысталды.

Кездесуге 1998 жылдан бері жұмыс істейтін зейнеткерлер спорт клубының мүшелері қатысты. Клубты бұрынғы тыл еңбеккері Ақзам Мырзоев басқарады. Клубта шахматтан, бильярдтан және скандинавиялық жүрістен жарыстар тұрақты өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар букмекерлер қауымдастығының мүшелері Алматы қаласы мен Алматы облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соғыс мүгедектеріне барды. Оларға жеміс салынған себеттер табысталды. Кездесуде букмекерлер ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бейбіт аспан тіледі.

«Соғыс ардагерлерімен тілдесіп, олардың әңгімесін тыңдау, қолдарын алып, жүзбе-жүз “Жеңіс үшін рақмет!” деу ерекше әсер қалдырды. Осы акция арқылы ешкім де, ештеңе де ұмытылмағанын бәріне жеткізгіміз келді. Қолдау көрсеткен Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктеріне де алғыс айтқым келеді», – деді Қазақстан букмекерлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымының басшысы Ғалымжан Дуамбеков.