Жаңалықтар

Архивтік жарияланым

Өзбекстанда Uzbekistan iGaming Affiliate Conference өтеді

· Күндер, лауазымдар мен атаулар жарияланған кездегі күйінде берілген.

ӨРҰ ұстанымын білдірмейтін сыртқы автордың не басылымның материалы. Дереккөз: Конференция ұйымдастырушыларының хабарландыруы. Бастапқы материалдың тікелей сілтемесі расталмады.

9 қарашада Ташкентте Uzbekistan iGaming Affiliate Conference өтеді. Сарапшылар ойын бизнесінде серіктестік маркетингті қолдану және казино мен букмекерлік кеңселердің сайттарына пайдаланушыларды бағыттау арқылы жоғары табыс табу жөнінде баяндайды. Мұндай форматтағы іс-шара Өзбекстан Республикасында алғаш рет өткізіледі.

«Uzbekistan iGaming Affiliate Conference – онлайн ойын бизнесінің өзекті мәселелеріне, маркетинг ерекшеліктері мен келешегіне арналған практикалық іс-шара. Баяндамалардағы теория мен практика маркетингті жүйелі түсінуге және бизнестегі нақты мысалдармен танысуға көмектеседі. Өзбекстанның ойын нарығы мен оның келешегіне ерекше көңіл бөлеміз», – делінген іс-шараның сайтында.

Іс-шара веб-мастерлер, трафик арбитражымен айналысатын мамандар, жарнама берушілер, ойын операторлары, букмекерлер, серіктестік бағдарламалар мен CPA желілерінің иелері, SEO мамандары және цифрлық маркетинг пен құмар ойындар саласындағы басқа мамандар үшін кездесу алаңына айналады.

Іс-шараға ҚР букмекерлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымының президенті Ғалымжан Дуамбеков те қатысады.

1xBet букмекерлік компаниясы – Uzbekistan iGaming Affiliate Conference 2021 конференциясының бас демеушісі.

1xBet Қазақстан нарығында 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді және соңғы бес жылда букмекерлік бизнесте жетекші орындардың бірін иеленіп отыр. Клиенттердің артып келе жатқан талаптарына сай болу үшін компания өз өнімін дамытуға тұрақты инвестиция салады.