Архивтік жарияланым
Қазақстан букмекерлерінің ӨРҰ-сы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады

2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан букмекерлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы Алматыда «Білім күнімен!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Оқушыларға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды. Акцияны ұйымдастыруға Алматы әкімдігінің қызметкерлері мен «Қазақстан волонтерлер лигасының» қатысушылары көмектесті.