Жаңалықтар

Архивтік жарияланым

Букмекерлік нысандар Бурабай мен Қапшағайға көшіріледі

· Күндер, лауазымдар мен атаулар жарияланған кездегі күйінде берілген.

Бұл жаңалықтың аудармасы жоқ (RU). Архив RU

ӨРҰ ұстанымын білдірмейтін сыртқы автордың не басылымның материалы. Дереккөз: Shymkent TV. Бастапқы материалдың тікелей сілтемесі расталмады.

Қазақстан қалаларында букмекерлік нысандардың жұмысына тыйым салынады. Барлық кеңселер енді Бурабай мен Қапшағайда шоғырланады. Осындай нормасы бар заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған құжатқа депутаттар 159 өзгеріс енгізген.

Қазақстанда 350 мыңдай ойынқұмар адам бар екен. Оның басым бөлігі жасөспірімдер. Денсаулық сақтау министрлігі құмарлықтың құлқынына түсіп кеткендерге «Лудомания» деген диагноз да қойды. Ең сорақысы елде ажырасқан 10 отбасының жетеуіне осы құмар ойын себеп болған. Сондықтан, ойын бизнесіне үлкен шектеулер енгізу жобасы әзірленіп жатыр.