Жаңалықтар

Архивтік жарияланым

Қазақстанда құмар ойындар мен бәс тігу саласындағы қызметтер көлемі өсуде

· Күндер, лауазымдар мен атаулар жарияланған кездегі күйінде берілген.

ӨРҰ ұстанымын білдірмейтін сыртқы автордың не басылымның материалы. Дереккөз: 24.kz. Бастапқы материалдың тікелей сілтемесі расталмады.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі (экономиканың бақыланбайтын секторындағы қызметтерді есептемегенде) 35,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 4,5 есе көп, деп хабарлайды energyprom.kz.

2020 жылы саладағы қызметтердің жалпы көлемі 89,7 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш небәрі 13,6 млрд теңгені құраған 2019 жылмен салыстырғанда 6,6 есе жоғары.

Қызметтердің бүкіл көлеміне жуығы екі өңірге ғана тиесілі: Алматы облысы (32,6 млрд теңге) және Ақмола облысы (2,7 млрд теңге).

Олардан едәуір кейін Қызылорда облысы тұр (3,2 млн теңге).

Ал экономиканың бақыланбайтын секторын қосқанда, құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу қызметтерінің көлемі 2020 жылы 278 млрд теңгеге жетті. 2019 жылы бұл көрсеткіш небәрі 15,3 млрд теңге болған. Саладағы нақты өсім 17,5 есе болды.