Жаңалықтар

Архивтік жарияланым

Жаңа рекордтарға жол ашылды ма? Букмекерлер спортқа қалай ықпал етті

· Күндер, лауазымдар мен атаулар жарияланған кездегі күйінде берілген.

Екі тарапқа да тиімді болғанда

Спорт оқиғаларына бәс тігу спорт нәтижесін болжауға қызығатын жаңа адамдарды көбірек тартып келеді. Бастапқыда оларды ақша ұтып алу мүмкіндігі қызықтырғанымен, уақыт өте келе шынайы спорт жанкүйерлеріне айналды. Сөйтіп, екі тарап та ұтты деуге болады: букмекерлік кеңселер жаңа клиенттер, ал спорт жаңа жанкүйерлер тапты. Бұл өзара тиімді байланыс спорт саласына да, бәс тігу индустриясына да оң әсер етеді.

Букмекерлік бизнестің қазір әлем бойынша қарқынды дамуы кездейсоқ емес.

Спортқа бәс тігу командалар мен федерацияларға демеушілік табыстың мүлде жаңа көзін ашты. Бұл табыс ірі букмекерлік кеңселерден келеді. Бүгінде кез келген чемпионатта жанкүйер букмекерлік кеңселер мен олардың сайттарының атаулары жазылған жейде киген ойыншылары бар көптеген команданы көре алады. Ал спорт арнасының көрермені матчтардың тікелей көрсетілімінде бәс тігу жарнамасының көбейгенін байқаған болар. Мұндай жарнама букмекерлік индустрия мен үлкен спорттың ықпалдастығын көрсететін ең айқын белгілердің біріне айналған шығар. Бұл – нақты көрсеткіш: ынтымақтастықтың тереңдегені сонша, спортқа бәс тігу жарнамасы матч пен оның жарнамалық материалдарының ажырамас бөлігіне айналды. Клубтардың өздері де мүмкіндік туған сайын бәс тігуді белсенді насихаттайды. Бұл спорт жанкүйерлері мен бәс тігудің арасындағы тікелей байланысты тағы көрсетеді. Байланыс нақты, оны санмен де түсіндіруге болады: жанкүйер көбейсе, бәс те көбейеді, ал букмекерлік компаниялардың спортқа демеушілік көмегі артады.

Ауқымды қолдау

Бүгінде Батыста көптеген жанкүйер (кейбір бағалаулар бойынша, бірқатар елде кемінде 40 пайызы) матчтар мен бокс жекпе-жектерінің нәтижесіне тұрақты түрде бәс тігеді. Жанкүйерлердің бәс тігуге жаппай және барған сайын көбірек қатысуы үлкен спорттың дамуына қосымша серпін береді. Осындай ауқымның арқасында соңғы 7–10 жылда тігілген бәстердің көлемі бірнеше есе өсті. Соның нәтижесінде букмекерлер командаларды қолдауға, бұқаралық спортты дамытуға және басқа демеушілік бастамаларға көбірек қаражат бөле алды.

Демеушілік – букмекерлік индустрия мен үлкен спорттың ықпалдастығындағы маңызды оң құбылыс. Бұл үрдіс соңғы жылдары барған сайын айқын байқалады. Әрине, букмекерлік индустрия спортты себепсіз қолдамайды. Бапкерлер арасындағы жемқорлық пен соған байланысты келісілген матчтар букмекерлерге едәуір шығын келтіреді, сондықтан олар спорттың барынша таза әрі ашық болуына мүдделі. Демеушілік пен клуб иелерімен тығыз жұмыс букмекерлерге осы келеңсіздіктің түп-тамырымен күресуге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде спорт саласына жыл сайын ондаған миллиард доллар түседі. Баспасөз әлемнің ең танымал спорт командалары мен букмекерлік кеңселер арасындағы ірі демеушілік келісімдер туралы тұрақты түрде жазады. Мысалы, екі жыл бұрын «Барселона» футбол клубы мен «1xBet» демеушілік келісімге қол қойды. Соған сәйкес әлемдегі жетекші букмекерлік кеңселердің бірі каталониялық клубтың жаңа жаһандық серіктесі болды. Ынтымақтастық туралы шарт 5 жылға жасалып, 2024 жылғы 30 маусымға дейін күшінде болады. Бұл осындай көптеген келісімнің біреуі ғана.

Букмекерлердің елеулі қаржылай қолдауы спорт клубтары мен федерацияларға дамудың қосымша мүмкіндіктерін ашты. Букмекерлік қауымдастықтардың қолдауы жасөспірімдер спорт академиялары мен юниорлар командаларын, жанкүйерлерге арналған инфрақұрылым мен паралимпиадалық қозғалысты дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ клуб қызметкерлері мен негізгі ойыншылардың жалақысының өсуіне әсер етеді.

Әртүрлі елдердің спорт сарапшыларының айтуынша, қосымша қаражаттың келуі үлкен спорттың сапасы мен деңгейін айқын көтерді. Кәсібилік артып, спорттағы жемқорлық деректері едәуір азайды, жарыстар көрерменге қызықтырақ болды. Бұл үкіметтерге де тиімді: кез келген елдің спорт командаларының жетістігі оның халықаралық беделін нығайтады. Дамыған елдерде биліктің букмекерлік қауымдастықтарға елеулі қолдау көрсетуінің бір түсіндірмесі осы. Бұл қолдау заңнамалық реттеу мен демеушілікке жәрдемдесуден көрінеді: спортты қаржыландыру букмекерлік компанияларға неғұрлым икемді талаптарды, салықтық жеңілдіктерді және өзге де артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Ал Қазақстанда жағдай қалай?

Елімізде жұмыс істейтін кейбір халықаралық букмекерлік компаниялардың арқасында үлкен спортты қолдау дәстүрі Қазақстанға да келді. Мысалы, «1xBet» қазір «Қайрат» футбол клубының бас демеушісі. «1xBet» өкілдерінің айтуынша, букмекерлік кеңсе клубтың негізгі құндылықтарын толық қолдайды: «Қайраттың» жаңашылдыққа ұмтылысын, адал бәсеке қағидаттарын, команданың жеңіске деген жігерін және бапкерлік жұмыстың жоғары сапа талаптарын қолдауға тырысады. Компания өкілдері «Қайратпен» ынтымақтастық брендке Қазақстанда спортты кеңінен насихаттау және дамыту стратегиясын ұстануға мүмкіндік беретінін айтады.

Өкінішке қарай, отандық спортта инфрақұрылым мен жабдыққа қаражат жетпегендіктен, клубтар немесе жекелеген спортшылар әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарына қатыса алмай қалатын жағдайлар жиі кездеседі.

Осындай кездерде букмекерлік кеңселер клубтар мен спортшылардың дамуына демеушілік қаражат бөліп, жиі көмекке келеді. Бір назар аударарлық жайт: сала компанияларының басшылары демеушілік жұмысын көпшілікке жариялауға ұмтылмайды. Бейресми мәліметке қарағанда, тек 2019 жылдың өзінде букмекерлік қауымдастықтардың Қазақстан спортына көрсеткен демеушілік көмегі 1 миллиард теңгеден асқан. Бірақ букмекерлердің өздері бұл туралы тіс жармайды. Олар жарнаманы көздемейтінін айтады. Басты мақсаты – мемлекеттік және өзге де жеке демеушілердің қаражаты жетіспейтін, қолдау көрсетуі ең күрделі әрі шығыны көп бағыттарда Қазақстан спортына көмектесу.